Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды •

    «Пневмониямен қалай үйге жіберді?»: Талғардағы бойжеткеннің жұмбақ өлімі

    Талғарда ауруханаға қаралғаннан кейін 20 жастағы бойжеткен жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.

    «Пневмониямен қалай үйге жіберді?»: Талғардағы бойжеткеннің жұмбақ өлімі
    file_141.jpg

    Алматы облысы Талғар қаласында 20 жастағы бойжеткен ауруханаға қаралғаннан кейін бірнеше сағаттан соң көз жұмды. Марқұмның отбасы оның өліміне дәрігерлер енгізген препараттар себеп болуы мүмкін деп санайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға 10 қаңтарда болған. Нигина Джагипарова таңға жуық кеудесінің қысып ауырғанын сезініп, әжесін оятқан. Олар дереу ауруханаға жеткен.

    «Таңғы сағат бестерде ауруханаға барған. Дәрігерлер анализ алып, электрокардиограмма мен рентген жасады. Анализдері таза, ЭКГ-да да кінәрат болмаған. Алайда рентген бронхопневмонияны көрсеткен. Содан кейін қабылдау бөлімінде жиенімнің тамырына преднизолон және тағы бірнеше дәрі салды. Спазмды басу үшін деді», — дейді Нигинаның нағашы ағасы Рехимжан Мұсаров.

    Алайда осыдан кейін дәрігерлер бойжеткенді үйіне қайтарып жіберген.

    «Сізге пульмонолог керек, ал бізде ондай маман жоқ, жекеменшік дәрігер табыңыз» депті. Нигина әжесімен үйге оралып, маған қоңырау шалды. Болған жайды айтты. Мен оны ауруханаға қайта апарайын дедім. Дәрігерлермен сөйлесіп, жатқызуын сұрайтынымды айттым. Пневмониямен ауырған адамды қалай үйге жібереді? Аз уақыт болса да бақылау керек еді ғой?» — деп ашынады ер адам.

    Нигина ауруханаға қайта баруға келіскен, бірақ алдымен сәл мызғып алғысы келген. Алайда ол ұйқысынан оянбаған.

    Туыстарының айтуынша, Нигинаның денсаулығы мықты болған. Ауруханаға барған кезде анализдері мен кардиограммасы жақсы шыққан бойжеткеннің неден қайтыс болғанын олар түсіне алар емес. Нағашы ағасының болжамы бойынша, бәріне дәрігерлер салған препараттар кінәлі.

    Фото: Отбасылық мұрағаттан

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →