Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Футболдан Ұлттық құрама Ұлттар лигасының С дивизионында бірінші себетке түсті

    Футболдан Ұлттық құрама Ұлттар лигасының С дивизионында бірінші себетке түсті

    Фото: ҚФФ

    Футболдан 2026/27 жылғы маусымға арналған UEFA Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеребесі 12 ақпанда өтеді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

    Аталған турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы С дивизионында өнер көрсетеді. Жеребе тарту алдында қазақстандық команда бірінші себетке орналастырылды. Бұл себетте Қазақстанмен бірге Исландия, Албания және Черногория құрамалары бар.

    Жеребе алдындағы құрамалардың орналасуы төмендегідей:

    А лигасы

    Бірінші себет: Португалия, Испания, Франция, Германия.

    Екінші себет: Италия, Нидерланд, Дания, Хорватия.

    Үшінші себет: Сербия, Бельгия, Англия, Норвегия.

    Төртінші себет: Уэльс, Чехия, Грекия, Түркия.

    В лигасы

    Бірінші себет: Шотландия, Венгрия, Польша, Израиль.

    Екінші себет: Швейцария, Босния және Герцеговина, Аустрия, Украина.

    Үшінші себет: Словения, Грузия, Ирландия, Румыния.

    Төртінші себет: Швеция, Солтүстік Македония, Солтүстік Ирландия, Косово.

    С лигасы

    Бірінші себет: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан.

    Екінші себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения.

    Үшінші себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония.

    Төртінші себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино.

    D лигасы

    Бірінші себет: Әзербайжан, Литва.

    Екінші себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Лихтенштейн, Андорра.

    Күнтізбе. Ұлттар лигасы-2026/27

    1 тур. 24-26 қыркүйек 2026 жыл.

    2 тур. 27-30 қыркүйек 2026 жыл.

    3 тур. 30 қыркүйек-3 қазан 2026 жыл.

    4 тур. 4-6 қазан 2026 жыл.

    5 тур. 12-14 қараша 2026 жыл.

    6 тур. 15-17қараша 2026 жыл.

    Ширек финал, плей-офф -25-30 наурыз 2027 жыл.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2024/25 жылғы маусымда В дивизионының үшінші тобында ойнап, алты матчтың бесеуінде жеңіліп, бір кездесуде тең нәтиже көрсетті. Соның салдарынан топта соңғы орын алып, келесі маусымда қайтадан С дивизионына түсіп қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →