Экология министрлігі утиль алымының жаңа мөлшерін ұсынды

Экология министрлігі утиль алымының жаңа мөлшерін ұсынды. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі Kolesa-ға сілтеме жасап хабарлайды. Экология министрлігі «Утилизациялық алымды есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 448 бұйрыққа өзгеріс енгізуді ұсынды. Қоғам талқысына түсетін құжатқа сай утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі 50 АЕК болып өзгеріссіз қалады, бірақ көлік құралы мен ауыл шаруашылығы техникасының түріне байланысты коэффициент айтарлықтай төмендейді. Алым мөлшері төмендегідей…

Толық оқу

Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шықты

Бүгін, 15 наурызда сот санкциясымен Қайрат Сатыбалды екі айға қамалған. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық аудан аралық арнаулы тергеу соты таратты. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда «Қазақтелеком» АҚ қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыны ұстап, уақытша қамау изоляторына қамаған. Агенттік «Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп…

Толық оқу

Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті болып сайланды

Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті болып сайланды. Бұл туралы ОСК-ның ресми сайты хабарлады. Түркіменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті. ОСК сайтындағы мәлімдемеге сәйкес, сайлаушылардың 72,97 пайызы Демократиялық партияның кандидатына дауыс берген. – Түркіменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97% дауыс алған Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары…

Толық оқу

Б.Назарбаев пен Қ.Шәріпбаевқа қатысы бар заңсыз майнинг фермалары жұмысын тоқтатты

Болат Назарбаев пен Қайрат Шәріпбаевқа қарасты майнинг фермалары Қазақстандағы қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, елімізде 55 майнинг фермалары өз еркімен жұмысын тоқтатқан. Агенттік хабарына қарағанда, заңсыз майнинг ферма құрғандар арасында белгілі бизнесмендер мен бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің аты-жөні бар. Павлодар облысында Болат Назарбаев пен Александр Клебановқа (парламент…

Толық оқу

Ертең Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды – Берік Уәли

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын республикалық телеарналардан тікелей эфирде көруге болады. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр. Президенттің бұл Жолдауында жуық…

Толық оқу
Яндекс.Метрика