Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Омбыда қазақстандық машинист заңсыз мигрант үшін 2 жыл 5 айға сотталды • Алматы метросында бір күнде екі күдікті зат табылды • Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Омбыда қазақстандық машинист заңсыз мигрант үшін 2 жыл 5 айға сотталды • Алматы метросында бір күнде екі күдікті зат табылды • Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты •

    «Суретке түссе жетеді»: Жүсіп Ақшора марапатсыз қалып жүргенін ренішпен түсіндірді (ВИДЕО)

    «Суретке түссе жетеді»: Жүсіп Ақшора марапатсыз қалып жүргенін ренішпен түсіндірді (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скриншот

    Танымал актер Жүсіп Ақшора отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында осы күнге дейін мемлекеттік марапат алмағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесінің айтуынша, атақ пен марапат ол үшін басты құндылық емес.

    «Бұл мүлде маңызды емес. Біреудің маған атақ бергені керек емес. Тіпті “Халық әртісі” атағының да қажеті жоқ. Егер халық сені танып, суретке түсіп, “Ассалаумағалейкум” деп құрмет көрсетсе — сол жеткілікті. Нағыз халық әртісі деген сол», — деді актер.

    Айта кетейік, бұған дейін бірқатар өнер адамдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтар алған болатын. Марапат иелерінің қатарында әнші Дастан Оразбеков те бар.

    Сол кезде әлеуметтік желі қолданушылары «Шаншар» әзіл-сықақ театрының актерлері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның әлі күнге дейін мемлекеттік награда алмағанын жарыса жазған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →