Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға ІІМ сыйақы төлейді

    Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді,  деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    «Өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, қаруды өтемді тапсырғаны үшін төлем мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігіне 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейін әртүрлі болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді. Мысалы, автоматты ойық қаруды тапсырған азамат 100 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 345 мың теңгеге дейін ала алады», — деді ол.

    Ыдырысов атағандай, ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін 172 мың теңгеге дейін төленеді.

    «Тапаншалар мен револьверлер үшін 138 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлеу болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі 103 мың теңгеге бағалануы мүмкін.Травматикалық тапаншалар үшін 34 мыңға дейінгі мөлшерде төлеу болжанады.Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат беріледі, олар барлығы 3 санатқа бөлінеді. 1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 100%-ы, 2-санатқа 70%-ы, 3-санатқа 30%-ы есебінен жүргізіледі», — деді ол.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →