Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Қайрат Боранбаев 1,5 млрд доллардың активтерін мемлекетке қайтармақ

    Астанада Қайрат Боранбаевтың апелляциясы бойынша сот процесі өтті. Тұңғыш президенттің бұрынғы құдасы, олигарх Боранбаев өз кінәсін мойындап, залалды өтеуге ниетті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Ulysmedia.kz дереккөзі іс жүргізу келісімі аясында Боранбаев Қазақстанға ірі көлемдегі активтерді қайтаратынын хабарлады.

     

    «Боранбаев активтерді мемлекетке қайтарады. Шамамен 1,5 миллиард доллар», — деп мәлімдеді дереккөз.

     

    Forbes деректеріне сәйкес, Қайрат Боранбаевтың байлығы 590 млн долларға бағаланады.

    Айта кетейік, сс жүргізу келісімінің бастамашысы – Боранбаев. Өзге сотталушылар Наханов пен Жанұзақов оған қосылатындарын мәлімдеді.

     

    «Өтініш кінәні мойындау туралы іс жүргізу мәмілесін жасасу және қылмыстық іс бойынша залалды өз еркімен өтеу мәселесі бойынша қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтасу ниетінен тұрады», — деді  Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин.

     

    Өтінішті барлық қорғаушылар қолдады.

    Аталған мәселе келесі отырыста қаралады, бірақ отырыс қай күні өтетіні белгісіз.

    Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Боранбаевтың сенімді өкілі Роман Наханов, сондай-ақ «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақта  8 жылға сотталды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →