Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Бірнеше ауылдың ақшасын жымқырған «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының қызметкері 5 жылға сотталды

    Алматы облысында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның қызметкері 4 жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырып келген, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап. 

    Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін, өкілеттігі болмаса да Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылдарының тұрғындарына жалған түбіртектер беріп, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

     

    Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін ол деректер базасына әріптестерінің логиндері мен парольдерін пайдалана отырып, жалған мәліметтер енгізген. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті аталған ауылдардың 150-ден аса тұрғынын электр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге, сондай-ақ 16 млн теңгеге жуық залалды өтеуге шара қолданды, – делінген хабарламада.

     

    «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның азаматтармен жұмыс жөніндегі инженері сотта алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →