Түнде сыртқа шықпақ болған: Павлодарда студент қыздар 4-қабаттан құлап мертікті
Павлодарда 2 колледж студенті түнде 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq.today. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға түнгі сағат 01:15-те болған. 18 жасқа толмаған қыздар 4-қабаттың терезесінен құлаған. — Павлодардағы колледждердің бірінде оқитын 2 студент 4-қабаттан төсек жаймасы арқылы төменге түсіп бара жатқанда құлап кетті. 16 және 17 жастағы қыздар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Науқастарға…
