Қазақстанда екі орман өрті тіркеліп, толық сөндірілді
27 қыркүйекте Қарағанды облысы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркінде екі орман өрті тіркеліп, олар толық сөндірілді. Себебі — дала отының орманға өтуі.
27 қыркүйекте Қарағанды облысы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркінде екі орман өрті тіркеліп, олар толық сөндірілді. Себебі — дала отының орманға өтуі.
Астанада апта бойы ауа райы жылы болады: дүйсенбіде +14°C, сәрсенбіде +18°C-қа дейін. Жұмада шамалы жаңбыр жаууы мүмкін.
Қарағанды облысы Ботақара ауылында кешкі автобус жолаушыны тасжол бойында түсіріп кеткен соң 20 жастағы студент қызды көлік қағып, ауыр жарақат алды. Тергеу жүріп жатыр.
Астанада су тарифі көтеріледі. «Астана су арнасы» жиналған қаражат ескі құбырларды жөндеуге жұмсалатынын, биыл 4,9 млрд теңге бөлінгенін хабарлады.
Алматыда Golden Dragon автобусы ЗИЛ жүк көлігіне соғылып, төрт адам медициналық көмекке жүгінді. Оқиға Бөкейханов көшесінде болды.