Астанада су тарифі көтеріледі: жиналған қаражат ескі құбырларды жөндеуге жұмсалады
Астанада су тарифі көтеріледі. «Астана су арнасы» жиналған қаражат ескі құбырларды жөндеуге жұмсалатынын, биыл 4,9 млрд теңге бөлінгенін хабарлады.
Сурет: inbusiness.kz
«Астана су арнасы» мәлімдегендей, бұл баға өсімі алдағы бес жылға арналған даму бағдарламасында әлдеқашан көзделген. Жиналған қаражат ең алдымен ескі құбырларды жөндеуге және ауыстыруға бағытталады. Мәселен, биыл сумен жабдықтау жүйесін жаңартуға шамамен 4,9 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметкерлер күн сайын апаттар туралы 50-ге жуық шақырту алады. Ауқымды жөндеу жұмыстары коммуналдық желілердің сенімді жұмыс істеуіне ықпал етіп, ақаулар санын 20%-ға қысқартады деп күтілуде.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Бізде сорғы жабдықтарын ауыстыру да қарастырылған. Сондай-ақ, кәріз сорғы станцияларындағы сорғы жабдықтарын ауыстыру маусымдарды апатсыз өткізуге мүмкіндік береді. Нақты сандарға тоқталсақ, тозған желілердің 39%-ының шамамен 20%-ы Сарыарқа және Байқоңыр аудандарына тиесілі», – дейді «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директорының бірінші орынбасары Ержан Шарипов.
