Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Зеленский ымыраның екі жолын атады: Донбасста арнайы аймақ немесе майдан шегін қалдыру

    Украина президенті Владимир Зеленский Bloomberg-ке берген сұхбатында Ресеймен бейбіт келісім аясында екі ықтимал ымыраны қарастырып жатқанын айтты.

    Зеленский ымыраның екі жолын атады: Донбасста арнайы аймақ немесе майдан шегін қалдыру

    Украина президенті Владимир Зеленский Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Ресеймен соғысты тоқтату үшін аумақтық ымыраға келудің екі ықтимал жолы барын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бірінші нұсқа – АҚШ ұсынған жоспар бойынша Донбасстың бір бөлігінде арнайы экономикалық аймақ құру. Оның басты шарты – екі тараптың да әскерін белгіленген қашықтыққа алып кетуі. Зеленский бұл талаптың Ресейге де қатысты екенін атап өтті.

    Бұл демилитаризацияланған аймақта адамдар ерекше құқықтық және салықтық режим жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей алады.

    Екінші жол – қазіргі майдан шебін сол күйінде «қатырып», барлық мәселені дипломатиялық жолмен шешу. Зеленскийдің пікірінше, бұл сценарийді іске асыру әлдеқайда оңай, әрі одақтастарға оны бақылау да жеңіл болады.

    «Украина басып алынған аумақтарды ешқашан Ресей жері деп мойындамайды. Біз болашақта елдің бүкіл аумағына толық егемендігімізді қалпына келтіреміз», – деп түйіндеді Зеленский.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →