Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) •

    2 адам қайтыс болды: Алматы маңында үндістандық студенттер мінген көлік апатқа ұшырады

    Алматы маңындағы тасжолда болған апаттан Үндістанның екі азаматы көз жұмды, тағы үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтауда жатыр.

    2 адам қайтыс болды: Алматы маңында үндістандық студенттер мінген көлік апатқа ұшырады

    Алматы маңындағы тасжолда болған ауыр жол апатынан Үндістан азаматтары қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Үндістанның Астанадағы елшілігі қайғылы оқиға 6 қаңтар күні болғанын мәлімдеді. Елшілік берген ақпаратқа сай, көлікте Үндістанның бес азаматы отырған: төртеуі – Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, біреуі – турист.

    Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан.

    «Өкінішке қарай, екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы үшеуі ауыр жарақат алып, қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады елшілік.

    Дипломатиялық өкілдік қаза болған студенттердің жақындарына көңіл айтты. Елшілік мәліметінше, олар Үндістанның Раджастхан штатынан шыққан.

    Еске салайық, 4 қаңтарда Атырау – Орал республикалық тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, кейін екі көлік те өртенген еді. Ол жол апатында жүк көлігіндегі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →