Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Фариза Ескермес күйеуі Андрейге ризашылығын білдірді • «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады • БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ • Қазақстандық киногерлер «Гауһар көбелек» киножүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті • Жасөспірімдер Олимпиадасындағы айқас: Бибарыс Әшірбай алтын үшін айқаста жеңіліп қалды • Алматыда туристер тауға шығамын деп үсіп қалған • Фариза Ескермес күйеуі Андрейге ризашылығын білдірді • «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады • БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ • Қазақстандық киногерлер «Гауһар көбелек» киножүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті • Жасөспірімдер Олимпиадасындағы айқас: Бибарыс Әшірбай алтын үшін айқаста жеңіліп қалды • Алматыда туристер тауға шығамын деп үсіп қалған •

    Шұғыл! Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

    Шұғыл! Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

    Фото: Pixabay

    6 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай жолаушыларға рейстердің кешігуіне қатысты ресми хабарлама таратты. Бұл жөнінде Qazaqtoday.info ақпарат порталы мәлімдеді.

    Әуежайдың мәліметінше, қазіргі таңда нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Барлық қызметтер әуе кемелерін қабылдау және жөнелту жұмыстарын атқаруда, перронды тазалау мен аэродром инфрақұрылымын күтіп ұстау үздіксіз жалғасып жатыр. Қону бағыты бойынша 7 рейс кешігіп жатыр, ал Түркістаннан келетін 1 рейс тоқтатылған. Қону рейстерінің кешігуі мен тоқтатылу себептері әуе компаниялары мен басқа әуежайлар тарапынан анықталады. Ұшу бағытында 5 рейстің кешіккені белгілі болды.

    Рейстердің кешігуіне келесі жағдайлар әсер еткен:
    – Шымкент пен Қостанай бағыттарында – баратын әуежайлардағы қолайсыз ауа райы;
    – Қызылорда, Алматы және Камрань бағыттарында – әуе кемелерінің кеш келуі.

    Баспасөз қызметі Астана әуежайы тарапынан ешқандай шектеу қойылмағанын атап өтті. Аэродром мен терминалдардың жұмысы штаттық режимде жалғасып жатыр.

    Сондай-ақ жолаушыларға рейстердің нақты мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала тексеру ұсынылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →