Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ

Атыраудағы жұмбақ отбасының ісі: WhatsApp арқылы мал сатылғаны айтылуда

Атырауда жоғалған отбасыға қатысты WhatsApp арқылы мал сатылғаны жайлы дерек шықты. Сим-карта Өзбекстаннан тіркелген дейді сарапшылар.

Атыраудағы жұмбақ отбасының ісі: WhatsApp арқылы мал сатылғаны айтылуда

Фото: pexels.com

Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа деректер желіде қызу талқылай бастады. Сим-карталар мен банктік карталар әлі де қолданылып жатқаны айтылуда, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Сим-карта мен WhatsApp белсенділігі күдік тудырды

Атыраулық ІТ маман екенін айтқан бір желі қолданушысы жоғалған Наурыз есімді азаматтың сим-карталарын біреу әлі пайдаланып жатқанын жазды. Оның айтуынша, құрылғылардың геолокациясы Өзбекстан аумағынан анықталған, ал WhatsApp мессенджерінде тұрақты түрде белсенділік байқалады.

Отбасының туыстары да шоттарынан зейнетақы төлемдері шешіп алынғанын және үйдегі малдың WhatsApp арқылы сатылғанын айтып отыр. Хабарламалар отбасының ұлы атынан жіберілген көрінеді.

Отбасының шетелге кетуі мүмкін бе?

Туыстар мен желідегі пікірлерге сүйенсек, отбасындағы бір азамат әйелдің банктік картасын Қазақстаннан тыс жерде – Бали аралында пайдаланған болуы мүмкін. Алайда мұның бәрі ресми органдар тарапынан әлі расталған жоқ.

Сондай-ақ желіде олардың Түркістан облысы арқылы елден бейресми жолмен кетуі мүмкін деген де болжамдар айтылуда. Бірақ шекара базаларында олардың елден шыққаны тіркелмеген.

Еске салсақ, төрт адамнан тұратын бұл отбасы 2025 жылғы қазан айынан бері байланысқа шықпаған. Полиция оларды із-түзсіз жоғалғандар қатарына енгізіп, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика