Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады

    Ұйқыны қайта қалпына келтірудің жеңіл жолы: маман ұсынған 5 тәсіл

    Маман ұсынған 5 кеңес ұйқы сапасын жақсартып, ағзаңызды бір аптада қайта қалпына келтіруге көмектеседі.

    Ұйқыны қайта қалпына келтірудің жеңіл жолы: маман ұсынған 5 тәсіл

    Фото: pexels.com

    Қарағандылық невролог жаңа жылдан кейін көбімізді меңдеген шаршау мен ұйқысыздықтың себебін түсіндіріп, режимді қалпына келтіру жолдарын ұсынды.

    Бұл мәселе әсіресе кеңсе қызметкерлері мен студенттерге таныс, себебі мерекеден кейін жұмыс ырғағына оралу оңай емес.

    Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Қарағанды медицина университетінің профессоры Марина Григолашвилидің айтуынша, ұзақ ұйықтау ағзаның толық қалпына келуі үшін жеткіліксіз. Себебі басты рөлді ұйқының ұзақтығы емес, оның дұрыс уақыты мен сапасы атқарады.

    Биоритмнің бұзылуына кеш ұйықтау, майлы тағамды көп тұтыну және эмоционалдық шаршау себеп болады. Бұл өз кезегінде мидың қалыпты «сағатын» шатастырып, ағзаны бейімсіз күйге түсіреді.

    Әлеуметтік джетлаг дегеніміз не және ол қалай әсер етеді?

    Мереке кезіндегі күн тәртібі әдеттегі жұмыс кестесімен сәйкес келмегендіктен, адам ағзасы уақыт белдеуін ауыстырғандай күй кешеді. Мұны мамандар «әлеуметтік джетлаг» деп атайды.

    Ол кезде адамда шаршау, жайсыздық, ашушаңдық, тәбеттің бұзылуы және ұйқының қанбауы сынды белгілер байқалады. Соның салдарынан жүрек ауруы, семіздік пен диабет қаупі артады. Көптеген жол апаты мен өндірістік қателіктер тап осы кезеңде тіркеледі.

    Ұйқыны дәрісіз қалай дұрыстауға болады?

    Қарағанды облыстық неврологтар қауымдастығының президенті режимді қысқа уақыт ішінде қалыпқа келтірудің 5 қарапайым амалын ұсынады:

    • Ұйықтау және ояну уақытын күн сайын 15–30 минутқа жылжытыңыз.
    • Таңертең бөлмеге табиғи жарық түсіріп, пердені ашыңыз – бұл ағзаны сергітеді.
    • Ұйықтар алдында гаджеттерді қолданбаңыз және бөлмені сәл салқын ұстаңыз.
    • Кешкі асты ұйқыдан 3 сағат бұрын ішіп, таңғы асты да нақты бір уақытта ішуді дағдыға айналдырыңыз.
    • Ұйқы келмесе төсекте дөңбекшіп жатпай, тыныш іспен айналысыңыз. Ұйқылы күй түсе бастағанда ғана кері қайтыңыз.

    Маманның айтуынша, егер режим сәл өзгерген болса, 3–5 күнде бәрі орнына келеді. Ал егер айырмашылық 2 сағаттан көп болса, ағзаға 1 аптаға дейін уақыт қажет болуы мүмкін.

    Ең маңызды қағида – таңертең тұрақты уақытта ояну. Жексенбіде де осы тәртіпті ұстансаңыз, ағза өзі автоматты түрде ұйықтауға дайын тұрады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →