Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    28 қыркүйекте Алматы мен тағы жеті қалада ауа райы қолайсыз болады • Астанада «Жайық толқыны» көрмесі өтті: 3 мың қонақ, 5 млн теңгеден астам сатылым • Кардиолог 40 жастан кейін жүрек саулығын сақтаудың үш ережесін атады • Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • 28 қыркүйекте Алматы мен тағы жеті қалада ауа райы қолайсыз болады • Астанада «Жайық толқыны» көрмесі өтті: 3 мың қонақ, 5 млн теңгеден астам сатылым • Кардиолог 40 жастан кейін жүрек саулығын сақтаудың үш ережесін атады • Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді •

    Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

    Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

    — Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал.

    Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек, — деді ол.

    Президент батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс екенін айтты.

    — Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады.

    Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс.

    Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл — нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →