Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды • Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды • Қазақстан кикбоксингтен әлем чемпионатында 25 алтын медаль жеңіп алды • Қазақстан семсерлесушілері Азия ойындарында шпагадан алтын алды • Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды • Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға қатысты жалған ақпараттар теріске шығарылды • Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды • Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды • Қазақстан кикбоксингтен әлем чемпионатында 25 алтын медаль жеңіп алды • Қазақстан семсерлесушілері Азия ойындарында шпагадан алтын алды • Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды • Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға қатысты жалған ақпараттар теріске шығарылды •

    «Ата-анама талап қойдым»: Өмірқұл Айниязов өз ұстанымын айтты

    «Ата-анама талап қойдым»: Өмірқұл Айниязов өз ұстанымын айтты

    Фото: видеодан скрин
    Qazaqstan ұлттық телеарнасының Tansholpan бағдарламасына қонақ болған белгілі әнші Өмірқұл Айниязов отбасылық өмірі мен бала тәрбиесіне қатысты жеке көзқарасын ашық айтты. Өнер иесі баласын ата-әжесінің қолына бергенімен, бұл шешімге байланысты нақты бір талап қойғанын жасырмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әншінің айтуынша, өзі де бала күнінде ата-әжесінің тәрбиесін көрген. Бастауыш сыныпты тәмамдағанға дейін сол кісілердің қолында өсіп, кейін ғана ата-анасының жанына барған.

    «Екі жаққа да еркелеп өстім. Бірақ бір ерекшелігі — өз әке-шешемді “аға, жеңге” деп атадым. Ол сезімнің қандай екенін ішім жақсы біледі. Сондықтан өз баламды ата-анама бергенде бір-ақ талап қойдым: ол мені әкесі ретінде тануы керек. Мен келгенде “әке” деп алдымнан шығуы тиіс», — деді Өмірқұл Айниязов.

    Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі оның сөзінен бала кезіндегі ішкі сағыныш пен психологиялық ізді байқағанын жазса, енді бірі ата-әже тәрбиесінің оң тұстарын алға тартты.

    Желіде мынадай пікірлер жиі кездеседі:
    • «Травма деген осы — өз ата-анасын іздеу, сағыну»;
    • «Бұрынғы заман солай болды, қазір бәрі өзгерді»;
    • «Ата-әже тәрбиесі баланы мейірімді, көпшіл етеді»;
    • «Қазіргі кезде “травма” ұғымын тым асыра қолданып жүрміз».

    Көпшілік Өмірқұл Айниязовтың ұстанымын түсіністікпен қабылдап, баланың кімнің қолында өссе де, ең маңыздысы — әке мен ананың рөлін анық сезінуі екенін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, бала тәрбиесінде эмоциялық байланыс пен ата-ана бейнесінің айқын болуы оның болашақ психологиялық тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →