Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әнші Navai Қазақстанда ұсталғаннан кейін гонорарын көтерген • Тоқаевтың «Халықтық құрылыс» бағдарламасы барлық өңірді қамтиды: шетелдік БАҚ бағдарлама ауқымы туралы   • Қазақстан Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөліп, мектеп, аурухана және жол салады • «Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының инфрақұрылымын жаңғыртуда • Футбол ардагері Николай Дрютов 81 жасында өмірден озды • Ақтөбе тұрғыны спиртке су қосып арақ сатқан • Әнші Navai Қазақстанда ұсталғаннан кейін гонорарын көтерген • Тоқаевтың «Халықтық құрылыс» бағдарламасы барлық өңірді қамтиды: шетелдік БАҚ бағдарлама ауқымы туралы   • Қазақстан Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөліп, мектеп, аурухана және жол салады • «Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының инфрақұрылымын жаңғыртуда • Футбол ардагері Николай Дрютов 81 жасында өмірден озды • Ақтөбе тұрғыны спиртке су қосып арақ сатқан •

    Әнші Navai Қазақстанда ұсталғаннан кейін гонорарын көтерген

    Әнші Navai Қазақстанда ұсталғаннан кейін гонорарын көтерген

    Фото: Legion-Media.ru

    Ресейлік әзербайжан текті рэпер Navai (шын аты – Наваи Бакиров) Жаңа жылдық корпоративтерге қатысу ақысын 6 миллион рубльге дейін көтерген,деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы. 

    Telegram-арнаның мәліметінше, музыкант Қазақстанға келгенге дейін өнер көрсету құны 4 миллион рубльден аспаған. Негізгі гонорардан бөлек, ұйымдастырушылар әртіс пен оның командасының жол шығынына шамамен 50 мың рубль, ал Мәскеу мен облыс аумағында аппаратураны жеткізуге 15 мың рубль төлеуі керек.

    Navai-дің райдерінде қантсыз он банка энергетикалық сусын (Adrenaline Rush және Red Bull), жеміс-жидек, жаңғақ, ірімшік пен ет табақшалары бар. Мәзірде шошқа еті болған жағдайда ұйымдастырушыларға 1 миллион рубль айыппұл салынады. Сондай-ақ тізімде Chivas Regal және Hennessy вискиі, Asti Martini мен Moët шампаны, Marlboro темекісі, кальян және жеке кальяншы көрсетілген.

    Бұдан бөлек, әзілкеш Антон Борисовтың есімін атағаны үшін де тапсырыс беруші 1 миллион рубль айыппұл төлеуі мүмкін.

    Ұйымдастырушылар күзетші, элиталық салоннан барбер және фониатр дәрігер ұсынуға тиіс. Ұзақ сапар кезінде Navai командасының әр мүшесіне Ресейде тәулігіне 5 мың рубль, ал шетелде 100 доллар көлемінде іссапар ақысы төленеді.

    Еске салайық, рэпер 14 қазанда Қазақстанға кіреберісте ұсталған. Өзі жүргізіп келе жатқан көліктен тыйым салынған заттар табылған. Тергеу кезінде ол заттардың өзіне тиесілі екенін мойындаған. Осыдан кейін Navai уақытша ұстау изоляторына қамалып, екі айға қамауға алынған.

    20 қазанда өнер иесінің босатылғаны белгілі болды. Оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, өзі Ресейге депортацияланған. Ақпарат көздерінің мәліметінше, рэперге Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →