Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде көлік-транзит саласын дамытуды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде көлік-транзит саласын дамытуды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді •

    Шымкентте үш жасар бала 16 магнитті жұтып қойған: дәрігерлер шұғыл операция жасады

    Шымкентте үш жасар бала 16 магнитті жұтып қойған: дәрігерлер шұғыл операция жасады

    Фото: видеодан скрин

    Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына іші қатты ауырған үш жасар бала жеткізілді. Тексеру барысында дәрігерлер сәбидің ағзасынан бірден 16 магнит анықтаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Баланың ата-анасының айтуынша, бүлдіршін үйде ойнап жүріп ұсақ магниттерді байқамай жұтып қойған. Ауруханаға түскен кезде оның іш аймағында қатты ауырсыну белгілері байқалған.

    Қабылдау бөлімінде балаға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ол дереу хирургия бөліміне жатқызылды. Құрсақ қуысына жасалған рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде бөгде заттардың бар екені расталған.

    Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық қажетті тексеруден кейін балаға шұғыл операция жасалған.

    «Видеоэзофагогастроскопия кезінде асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит анықталды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Магниттер эндоскопиялық грассердің көмегімен сәтті түрде алынып тасталды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлер оның өміріне қауіп төндірген бөгде заттар дер кезінде алынғанын атап өтті.

    Мамандар ата-аналарды балалардың қолы жететін жерде ұсақ әрі қауіпті заттарды қалдырмауға шақырып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →