Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Астана – Петропавл бағытындағы жол апатынан жеті адам ауруханаға түсті

    Астана – Петропавл бағытындағы жол апатынан жеті адам ауруханаға түсті

    Фото: Pixabay

    Астана – Петропавл бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жеті адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілд, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат 14 желтоқсан күні трассаның 292-шақырымында болған. Honda және Chevrolet Niva маркалы екі автокөлік соқтығысқан.

    Оқиға салдарынан екі жүргізуші, Chevrolet Niva көлігінде болған екі кәмелетке толмаған жолаушы, сондай-ақ Honda автокөлігінің үш жолаушысы зардап шеккен. Барлығы дәрігерлердің бақылауына алынған.

    Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →