Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Соболенко қорытынды турнирдегі алғашқы қарсыласы Мухова туралы пікір білдірді • Шайдоров Олимпиада алтынынан кейінгі қиындықтар туралы айтты • Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі топтағы барлық қарсыласынан басым • Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді • Соболенко қорытынды турнирдегі алғашқы қарсыласы Мухова туралы пікір білдірді • Шайдоров Олимпиада алтынынан кейінгі қиындықтар туралы айтты • Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі топтағы барлық қарсыласынан басым • Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді •

    Қарағандыда логопед баланы бір жыл бойы ұрып келген бе?

    Қарағандыда логопед баланы бір жыл бойы ұрып келген бе?

    Фото: видеодан скрин

    Қарағандыда логопедке бір жыл бойы қатынап жүрген баланың ата-анасы күтпеген әрі ауыр жағдайға тап болды. Олар маманның сабақ кезінде баласына қол көтергенін байқамай келген. Жағдай ерікті түрде түсірілген бейнежазба арқылы әшкере болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ата-ананың айтуынша, әкесі сабақты сырттан бақылау үшін телефонды көтеріп, кабинеттегі кішкентай терезе арқылы видеоға түсірген. Сол сәтте кадрда логопедтің баланы басынан ұрғаны анық көрінеді.

    Осыған дейін отбасы ешқандай күдік сезбеген. Логопедке толық сенген олар жазбаны көргенде есеңгіреп қалғандарын айтады.

    Оқиға белгілі болған бойда ата-аналар баласын сабақтан шығарып алған. Логопед бұл жағдайды түсіндіре алмаған, ал кейін хабарласқанымен, жазбаша түсініктеме де, кешірім де сұрамаған көрінеді.

    Отбасы бұл жағдайды жасырмай, жариялауға мәжбүр болғандарын жеткізді. Себебі осы логопедке күн сайын көптеген бала келеді, ал оның басқа балаларға да қол көтеруі мүмкін бе – белгісіз.

    «Бір жыл бойы ештеңеге күмәнданбадық. Бәрі кездейсоқ анықталды. Ең қиыны – мұндайды елестетудің өзі ауыр. Енді ата-аналар өздері шешеді: бара ма, бармай ма. Бірақ бұл туралы жұрт білуі керек», – дейді баланың анасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →