Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді • Алматыдағы зиянды шығарындылардың 60 пайызы автокөліктен • Аян Өтепберген Испаниядағы кинофестивальде «Үздік актер» атанды • Атырауда қызылшамен ауырған бір жасар қыз көз жұмды • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді • Алматыдағы зиянды шығарындылардың 60 пайызы автокөліктен • Аян Өтепберген Испаниядағы кинофестивальде «Үздік актер» атанды • Атырауда қызылшамен ауырған бір жасар қыз көз жұмды •

    Ангелина Лукас WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

    Ангелина Лукас WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

    Фото: angelina_lukas1997/ Instagram

    IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас 3 желтоқсанда Дубайда кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл жолы ол Танзания спортшысы Эгине Каянгенгемен рингке шықты. Боксшылардың кездесуі 10 раундқа жоспарланғанымен, айқас мерзімінен бұрын аяқталды.

    Лукас жекпе-жектің төртінші раундында қарсыласын ауыр соққымен құлатып, нокаутпен жеңіске жетті. Төреші айқасты тоқтатып, жеңісті ресми түрде тіркеді. Осы нәтижеден кейін 28 жастағы Ангелина Лукас (52,2 кг дейінгі салмақта) екінші жеңіл салмақтағы WBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

    Айта кетсек, бұған дейін Лукас Мысырда өткен кездесуде америкалық Кэтрин Ренеге төрешілер шешімімен есе жіберген еді. Алайда кейін Рененің допинг сынамасы оң нәтиже беріп, сол жекпе-жектегі Лукасқа жазылған жеңіліс күшін жойды. Қазір Ангелина Лукас кәсіби мансабында 16 жекпе-жек өткізіп, 9 қарсыласын нокаутпен жеңіп, тек бір рет жеңілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →