Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды •

    Елдос Сметов жұбайына 15 млн теңге тұратын көлік сыйлады

    Елдос Сметов жұбайына 15 млн теңге тұратын көлік сыйлады
    Скриншоты: видео instagram.com/yeldos60kg/

    Танымал дзюдошы, Олимпиада және әлем чемпионы Елдос Сметов жұбайы Балаусаның туған күніне қымбат сый жасап, жаңа көлік тарту етті, деп жазады Qazaq Today.

    Спортшы Instagram-парақшасында жариялаған бейнероликте ол әйеліне жаңа темір тұлпардың кілтін табыстаған сәт түсірілген. Видеода отшашулар атылып, сыйлықтың ерекше дайындалғаны аңғарылады.

    Елдос Сметов жарына Hyundai Mufasa маркалы жол талғамайтын көлік сыйлаған. Бұл модельдің Қазақстандағы құны таңдалған жабдықталуына қарай 12,2–15,3 миллион теңге аралығында.

    Бейнежазбада чемпион жұбайын сыртқа шығарып:
    «Көшеге шығып көрейік, бір нәрсе дайындадық», – деп жаңа көлікке қарай жетектеп әкелгені байқалады.

    Айта кетсек, Елдос Сметов – Қазақстан тарихында дзюдодан Олимпиадада алғаш алтын алған спортшы. Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 60 келі салмақта қарсыласын жеңіп, чемпион атанған еді.

    Жарыстан кейін ол аз уақыт демалып, тіл үйренумен айналысты, кейін ота жасатқан. Жақында Сметов 2026 жылдың басында татамиге қайта оралатынын хабарлады.

    Елдос пен Балауса бүгінде бес баланы – үш қыз бен екі ұлды тәрбиелеп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →