Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты •

    Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

    Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

    Фото: видеодан скрин

    Петропавлдағы Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының асханасына қатысты шу әлеуметтік желіде кең тарады. Оқушыларға берілген тағамнан құрт-құмырсқа шыққаны жөнінде ата-аналар ашық жазып, алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ата-аналардың айтуынша, балалар асханадан тамақ ішуге қорқа бастаған, тіпті кей тағамдардың ішінен тарақан да табылған. Бұрын асханадан жиі тамақ сатып алатын оқушылар қазір одан бас тартып отыр, себебі дәмі өзгеріп, кейбір тағамдар шикі күйінде берілетін болған.

    Жиналған шағымдардан кейін СЭС тексеріс жүргізгенімен, “ешқандай талап бұзылмаған” деген қорытынды шығарған. Бұл шешім керісінше ата-аналардың ашу-ызасын күшейтіп, бақылау жұмысының сапасына күмән туғызды. Айта кетейік, осы асханадан жақын жердегі миницентрдің бүлдіршіндері де тамақтанады.

    Желі қолданушылары “СЭС қайда қарап отыр?” деп сынап, мекемеге қайта тексеру жүргізуді талап етті. Кейбір ата-ана тіпті асханадан тарақан шыққанын да атап өткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →