Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды •

    «Алматы жастары»: 2 мыңнан астам қатысушыға тұрғын үй алу үшін несие берілді

    «Алматы жастары»: 2 мыңнан астам қатысушыға тұрғын үй алу үшін несие берілді

    Фото: Алматы әкімдігі

    Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында www.almaty-zhastary2025.kz сайты арқылы қатысушылардан 6 626 өтінім қабылданды. Қазіргі уақытта 3 040 жолдама беріліп, олардың ішінде 2 168 алматылық жеңілдетілген несие алып, баспана сатып алды, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.

    Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілдері айтты.

    Биыл жеңілдік санатындағы 48 кезекте тұрған азаматқа бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеуге арналған тұрғын үй сертификаттары тегін негізде берілді. Жалпы сома – 72 млн теңге.

    Алматыда сондай-ақ, жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және жетім балалар санатындағы кезектегілерге жалдау ақысының 50%-ы көлемінде субсидия беріледі. Бағдарламаның операторы – «Отбасы банк» АҚ, өтінім онлайн қабылданады. Субсидия алатын 639 жалға алушының пәтері тексерілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →