Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті •

    Батыстағы қантөгіс жол апаты: 8 адам бірден қаза тапты

    Батыстағы қантөгіс жол апаты: 8 адам бірден қаза тапты

    Фото: БҚО ПД

    Батыс Қазақстан облысында сұмдық жол апаты болды. Чапай — Жаңақала — Сайхин трассасында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Алдын ала мәліметке қарағанда, жүргізушілердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен. Қатты соққыдан кейін көліктердің бірі өртеніп, сегіз адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

    Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    «Оқиға орнында полиция, тергеу тобы және ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

    Жыл басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам жол апаты тіркелген. Қарсы жолаққа шығу — әлі күнге дейін ең көп адам өлімін әкелетін себептердің бірі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →