Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр •

    Алматыда Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

    Алматыда Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыдағы Оқушылар сарайында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы мен қалалық прокуратураның бірлесуімен, Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Іс-шараның мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беру.

    Жәрмеңкеге құрылыс, өнеркәсіп, білім беру, медицина және басқа да салалар бойынша 1 247 жұмыс орнына 221 бос жұмыс орнын ұсынған 70-тен астам жұмыс беруші қатысты.

    Жәрмеңкеге келгендер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту бағдарламалары жөнінде кеңес алды. Әсіресе, сұранысқа ие мамандықтарды меңгергісі келетін азаматтарға кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларына ерекше назар аударылды

    Мұндай іс-шаралар халықты жұмыспен қамтуға, еңбек әлеуетін арттыруға және жұмысшы мамандықтарының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →