Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті Танымал әнші Say Mo екінші рет күйеуге шығуға ұсыныс алды Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті Танымал әнші Say Mo екінші рет күйеуге шығуға ұсыныс алды Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті

    Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды

    Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды

    Фото: Алматы әкімдігі

    2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында республикада жеңілдетілген және бөлшек салық режимдері 4% мөлшерлемемен біріктіріледі. Осыған орай Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бастамасын көтерді.

    Қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша, 2026 жылдан бастап жаңа жеңілдетілген салық режимін қолданатын барлық кәсіпкерлер үшін тиімді мөлшерлемені 3% деңгейінде белгілеу туралы мәселені Мәслихаттың қарауына шығару жөнінде шешім қабылданды.

    Бұл шара шағын және орта бизнестің салықтық тұрақтылығын сақтауға, қосымша инфляциялық тәуекелдердің алдын алуға және B2C-сегменттегі нысандарды — үй маңындағы дүкендер, шаштараздар, шеберханалар мен тұрмыстық қызмет көрсету орындарын — қолдауға мүмкіндік береді.

    Әкімдік ұсынған бастама кәсіпкерлердің мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, инвестициялық ахуалды тұрақты сақтауға және іскерлік белсенділіктің өсуіне ықпал етеді деп санайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →