Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    ТЖМ қызметкерлері жұмыстан кетіп жатыр

    [ad_1]

    Қазақстанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жалақының төмендігінен жұмыстан кетіп жатыр. Бұл туралы «Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған шаралардың кешенді жоспарында» жазылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жалақысының 2021 жылдан бастап сараланған өсуін ескергеннің өзінде, ең төменгі жалақы – небәрі 108 мың теңге. Бұл тұрғын үй сатып алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік бермейді. Салдарынан қызметкерлер мен олардың отбасының моральдық-психологиялық жағдайына теріс әсер етеді.

    2021 жылы азаматтық қорғау органдарынан 700 қызметкер жұмыстан шығып, басқа құқық қорғау органдарына 94 қызметкер ауысты. 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта 770 қызметкер жұмыстан шықты, — деп жазылған кешенді жоспарда.

    Бұл жағдай жұмыстың сапасы мен азаматтық қорғау органдарының төтенше жағдайларға ден қою әзірлігіне кері әсер етіп жатыр.

    «Халықты төтенше жағдайлардан қорғауды толыққанды қамтамасыз ету, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, жедел ден қоюды арттыру, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін штат санын ұлғайту және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік пакет ұсыну керек»,  — деп жазылған жоспарда.

    Кешенді жоспар Үкімет қаулысымен бекітілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →