Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Қайрат» клубы «Интерге» 1:2 есебімен жеңілді

    «Қайрат» клубы «Интерге» 1:2 есебімен жеңілді

    Фото: Қайрат ФК

    Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі төртінші турда Қазақстанның «Қайрат» клубы сырт алаңда Италияның «Интерімен» кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    44-минутта Лаутаро Мартинес есеп ашып, «Интерді» алға шығарды.

    56-минутта «Қайрат» ойыншысы Офри Арад бұрыштамадан көтерілген допты баспен дәл бағыттап, таразы басын теңестірді.

    Алайда 67-минутта Карлос Аугустоның алыстан бағыттаған соққысы Темірлан Анарбеков қорғаған қақпадан табылып, жеңіс «Интерге» бұйырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →