Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты

    Мұғалімдер қағазбастылықтан көз ашпай жатыр: Тараз ұстаздары министрге ашық шағымданды

    Мұғалімдер қағазбастылықтан көз ашпай жатыр: Тараз ұстаздары министрге ашық шағымданды

    Тараз қаласындағы мұғалімдер Оқу-ағарту министрі Ләззат Сүлейменоваға ашық арыз жолдап, мектептердегі шектен тыс қағазбастылық мәселесін көтерді. Ұстаздардың айтуынша, соңғы жылдары оқу процесінен гөрі есеп толтыруға көп уақыт кетіп, нағыз білім беру сапасы екінші орынға ысырылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Педагогтар әр оқушының іс-әрекетіне қатысты ондаған парақ толтырып, түрлі платформалар мен есептерді бір уақытта тапсыруға мәжбүр екенін айтады. “Біз ұстаз емес, хатшы болып кеттік”, — дейді мұғалімдер.

    Айтуларынша, білім сапасын арттыруға бағытталуы тиіс уақыттың басым бөлігі қағаз толтыру мен тексерушілерге есеп беруге жұмсалады. Мұғалімдер бұл жүйе нағыз педагогикалық еркіндікке кедергі келтіріп, балалармен жұмыс сапасын төмендетіп жатқанын алға тартады.

    Олар министрден нақты шара қабылдауды, артық есеп пен формализмді қысқартуды сұрап отыр. “Мұғалімнің басты жұмысы – сабақ беру мен бала тәрбиелеу. Қалғаны соған көмекші құрал болуы тиіс”, – дейді арыз авторлары.

    Білім саласындағы бұл мәселе соңғы жылдары жиі көтеріліп келеді. Дегенмен, мұғалімдер қағаз азаяды деген үміттің әзірге орындалмай отырғанын айтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →