Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» Дмитрий Николаевпен келісімшарт жасады • Джонни Депп «Скрудж» фильмінде: Диккенс классикасы жаңаша экрандалды • Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады • Мирра Андреева жартылай финал алдындағы қорқынышын айтты • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • «Барыс» Дмитрий Николаевпен келісімшарт жасады • Джонни Депп «Скрудж» фильмінде: Диккенс классикасы жаңаша экрандалды • Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады • Мирра Андреева жартылай финал алдындағы қорқынышын айтты • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті •

    Семейде №30 мектептің ата-аналары шу көтерді: «Ресторанға жол бар, мектепке жоқ»

    Семейде №30 мектептің ата-аналары шу көтерді: «Ресторанға жол бар, мектепке жоқ»

    Фото: видеодан скрин

    Семей қаласында №30 мектептің ата-аналары әкімдікке шағым түсірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Олардың айтуынша, оқу орнына баратын жолдың жағдайы бірнеше жылдан бері сын көтермейді. Әсіресе жаңбыр мен балшықты күндері балалар мектепке жету үшін қиындық көреді.

    “Балаларымыздың аяқ киімі су, киімі балшыққа батып келеді. Ал мектеп алдындағы жолға ешкім назар аудармайды”, – дейді ата-аналардың бірі.

    Айта кетейік, дәл осы мектептің жанында орналасқан ресторан алдына жаңа асфальт төселген. Бұл жағдай ата-аналардың ашу-ызасын тудырған.

    “Ресторанға келушілер үшін жол салуға қаржы табылады, ал жүздеген оқушының қауіпсіздігі мен ыңғайы ешкімді қызықтырмай ма?”, – дейді тұрғындар.

    Ата-аналар бірнеше рет әкімдікке өтініш бергенімен, мәселе шешілмей келеді. Олардың айтуынша, соңғы уәде өткен жылы берілген, бірақ сол күйі орындалмаған.

    Қалалық әкімдіктің жол шаруашылығына жауапты бөлімінен нақты түсініктеме алу әзірге мүмкін болмады. Дегенмен, бұл жағдай Семейдегі инфрақұрылым сапасына қатысты жүйелі мәселені тағы да күн тәртібіне шығарды.

    Жергілікті белсенділер бұл оқиғаны қоғам назарында ұстап, “мектепке апаратын жол — білім мен қауіпсіздікке апарар жол” екенін еске салып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →