Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кумамото префектурасында 7,1 балдық жер сілкінісі болды Санияның ісі: қамаудағы қызметкерлердің қорғаушысы мәлімдеме жасады «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты Ақтөбе облысында 100 жылқы ұрлады деп сотталған бақташы ақталып шықты «Түбі жарып шығады»: Мөлдір Мұқан кіші қызына қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды Кумамото префектурасында 7,1 балдық жер сілкінісі болды Санияның ісі: қамаудағы қызметкерлердің қорғаушысы мәлімдеме жасады «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты Ақтөбе облысында 100 жылқы ұрлады деп сотталған бақташы ақталып шықты «Түбі жарып шығады»: Мөлдір Мұқан кіші қызына қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды

    Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді

    Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді

    Фото: Ақорда

    Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев соңғы 4 жылда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемінің 233 пайызға артқанын жеткізді.

    Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді.

    Биыл 720 миллиард теңгеден астам қаржы тарту жоспарланған, оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 70 пайызды құрайды.

    Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда аймақта құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл жалпы құны 302 миллиард 500 миллион теңге болатын 27 нысанды іске қосу жоспарланған. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілді.

    Мемлекет басшысы облыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →