Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Шавкат Рахмоновтың еңсесін тіктейтін сүйінші хабар шықты

    Шавкат Рахмоновтың еңсесін тіктейтін сүйінші хабар шықты

    Фото: Ақорда

    Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің дамуына және қоғам өмірінің түрлі салаларында айрықша еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Президенттің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов марапатталды. Ол Қазақстанның атын әлемге танытып, ел абыройын асқақтатып жүрген спортшы ретінде ерекше құрметке ие.

    Сонымен қатар мемлекет басшысы өз сөзінде биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Ассамблея – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің мызғымас нышаны әрі теңдесі жоқ бірегей институт.

     

    «Ассамблея мүшелері ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықты нығайту үшін аянбай еңбек етіп келеді. Қоғамдағы келісім мен ынтымақты сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі», – деді Президент.

     

    Мемлекет басшысы сондай-ақ еліміздегі бірқатар этномәдени бірлестіктің өкілдерін «Ел бірлігі» орденімен марапаттады. Президент мәдениет пен руханият саласында еңбек етіп жүрген өнер иелеріне ерекше құрмет білдірді.

    «Қазақстанның халық әртісі» атағына белгілі өнер майталмандары Болат Әбділманов, Тамара Асар және Шынар Жанысбекова лайық деп танылды. Ал мәдениет саласын дамытуға сүбелі үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында көп жылғы еңбегімен ерекшеленген Иван Сауэрге де «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

     

    «Жоғары мемлекеттік марапаттар – халқымыздың шынайы құрметі мен ризашылығының белгісі. Бүгін еліміздің барлық өңірінде жүздеген азамат менің Жарлығыммен марапатталып отыр. Олардың барлығына зор ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →