Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды • Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды •

    Өскемен әкімдігі немқұрайлы: полиция бекетіне пандус жоқ

    Өскемен әкімдігі немқұрайлы: полиция бекетіне пандус жоқ

    Фото: Видеодан кадр

    Өскемен қаласындағы полиция бекетіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар кіре алмай отыр. Ғимарат алдында бірнеше баспалдақ бар, алайда пандус мүлде орнатылмаған. Бұл – қолжетімді орта құру туралы заңның өрескел бұзылуы.

    Қолданыстағы талаптарға сәйкес, егер ғимараттың кіреберісіндегі биіктік айырмасы 4 сантиметрден асса, пандус орнату міндетті. Бұл ереже барлық мемлекеттік және қоғамдық нысандарға, соның ішінде полиция бөлімшелеріне де қатысты.

    Мамандардың айтуынша, пандус орнату тек формалдық емес, бұл – азаматтардың конституциялық құқығын қорғау. «Мүгедектігі бар адам полицияға арыздануға келсе, ол есіктің алдында тұрып қалмауы керек. Мемлекеттік мекеме ең алдымен халыққа тең қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс», – дейді қоғам белсенділері.

    Заң бойынша қолжетімді орта талаптарын бұзған мекемелерге әкімшілік жаза қарастырылған.
    Лауазымды тұлғалар – 50 АЕК,
    Шағын бизнес – 120 АЕК,
    Орта бизнес – 200 АЕК,
    Ірі кәсіпорындар – 400 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
    Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері ұлғаяды.

    Пандус орнату үшін арнайы техникалық талаптар бар: көлбеу бұрышы 8%-дан аспауы, ені кемінде 90 см болуы, беті тайғанамайтын материалдан жасалуы тиіс. Сондай-ақ 70–90 см биіктікте тұтқалар орнатылуы қажет.

    Егер мекеме пандус орнатудан бас тартса, тұрғындар прокуратураға немесе Мемлекеттік тұрғын үй инспекциясына шағымдана алады.

    Қала тұрғындары әлеуметтік желіде әкімдік пен полиция басшылығына үндеу жолдады:

    «Полицияның өзі заң бұзып отыр. Қарапайым азаматтар қайда жүгінуі керек?» – деп жазады олар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →