Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды • Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды •

    Павлодарда көктайғақтан 150 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді

    Павлодарда көктайғақтан 150 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді

    Өңірде екі күннің ішінде бір айдың нормасына тең болатын қар жауды.

    Өткен демалыс күндері Павлодар облысында қар жауып, қыс келді. Салдарынан көшелерде көктайғақ болып, жүріп-тұру қиындады.

    Павлодар облысы солтүстік өңір болғанымен, қар бұлайша ерте жауа қоймайтын. Биылғы күз ерекше болып тұр. Сенбі-жексенбі күндері әдетті бір айда түсетін қар көлемі айналаны ақ ұлпаға айналдырды.

    Бұл күндері көктайғақта құлап, түрлі жарақат алатын адамдар қатары күрт көбейді. Дәрігерлер көмегіне шамамен 150 адам жүгінген. Оның ішінде 20 науқас ауруханаға жатқызылды.

     

    «Әдетті мұндай жағдай қараша айының ортасы, желтоқсан айының басында орын алатын. Көктайғақта құлағандар қатары қазан айында көп болатынын күтпедік. Соған қарамастан, тұрғындарға барынша көмек көрсетуге әзірміз. Көп жағдайда білек сүйегін, табан буынын, жілігін сындырып алған науқастар келіп жатыр. Олардың басым бөлігі – зейнеткерлер. Себебі қартайған сайын адам сүйегі әлсіреп, тез сынуға бейім келеді», — дейді №1 Павлодар қалалық ауруханасының травматолог дәрігері Аян Қабаев.

     

    Мұндай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген режимге көшті.

    Жұмысшылар тәулік бойы жолдар, жаяу жүргіншілер жолы, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге кіреберіс жолдарды тазалауда. Соңғы бес күн аралығында барлығы 3,5 мың тонна қар шығарылды. Жалпы, бұл жұмыстарға 300 арнайы техника жұмылдырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →