Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Құдай сақтасын, бетін аулақ»: Мөлдір Әуелбекова продюсер Баян Алагөзованы жек көретінін білдірді Ақтауда NIS оқушылары мұғалімнің мас күйде келгенін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО) Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеден асты «Түк дауысы жоқ»: Қайрат Нұртаспен бірге ән айтқан блогер Сабина сынға қалды (ВИДЕО) Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды Яковлев пен Чернухин Азия ойындарында академиялық есуден Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды «Құдай сақтасын, бетін аулақ»: Мөлдір Әуелбекова продюсер Баян Алагөзованы жек көретінін білдірді Ақтауда NIS оқушылары мұғалімнің мас күйде келгенін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО) Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеден асты «Түк дауысы жоқ»: Қайрат Нұртаспен бірге ән айтқан блогер Сабина сынға қалды (ВИДЕО) Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды Яковлев пен Чернухин Азия ойындарында академиялық есуден Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды

    «Сізге бекер дауыc берген»: Танымал продюсер депутатқа шүйлікті

    «Сізге бекер дауыc берген»: Танымал продюсер депутатқа шүйлікті

    Фото: коллаж Sn.kz

    Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтановтың сериалдардағы боғауыз сөздерге қатысты сынына актер әрі режиссер Рүстем Омаров ашық жауап берді. Ол депутаттың мәлімдемесін «артық айыптау» деп бағалап, қоғамдағы шынайы проблемаларды көрмей, «жалған мәдениет» жасауға тырысып жатыр деді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Сізге бекер дауын берген сияқты. Мен боғауызды насихаттап жүрген жоқпын. Мен тек өмірдің шындығын көрсетем. Біздің қоғамның өзі сондай болып тұр. Теледидардан бәрі тәтті сияқты көрсету — өтірік. Мен ондаймен айналыспаймын», — деді режиссер Instagram парақшасында.

    Омаровтың бұл сөзі желіде үлкен талқы туғызды. Бірі актердің шынайылығын қолдап, «қоғамның айнасын көрсету – өнердің міндеті» десе, енді бірі «боғауыз арқылы шындықты жеткізу – өнер емес, мәдениетсіздік» деп қарсы пікір білдірді.

    Кей блогерлер режиссерді жақтап, депутаттарды да сынға алды.

    «Саясаткерлер елдегі нақты проблеманы көтерудің орнына, сериалдың боғауызымен айналысып жүр. Жастардың тілін бұзған TikTok пен арзан шоулар емес пе?» — деп жазды журналист әрі блогер Айбек Қалиев.

    Ал кей желі қолданушылары:

    «Рүстемнің фильмі расында өмірдің көрінісі. Бірақ көрерменге үлгі болу жағы да бар. Әр сөздің тәрбиелік салмағын ұмытпау керек», — деп пікір қалдырды.

    Қазір бұл тақырып TikTok пен Facebook-те қызу талқыланып жатыр. Пікір білдіргендердің көбі — өнер мен саясаттың шекарасын айырып, бірінің екіншісіне араласпауы керектігін айтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →