Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды • Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды • Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды •

    Журналист Бадықованың өмірін талқылағандарға шүйлікті

    Журналист Бадықованың өмірін талқылағандарға шүйлікті

    Коллаж: sn.kz

    Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы актриса Дариға Бадықова мен оның бұрынғы күйеуіне қатысты өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Журналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

    «Өткенде осы жерге МӘМС-ке ақша төлеп тұрғанның өзінде операция жасату үшін порталды бір жыл күту керектігін. Сол порталмен тегін жасайтын дәрігердің «ақшаңды әкелсең, қазір жасаймын» деп отырғанын жаздым.

    Сосын ерекше балаларға күнделікті дағдыны, көмек сұрауды, өтініш айтуды үйрететін АВА терапияның қымбаттығын, дамып кеткен елдерде мұны инклюзия жүйесіне енгізенін, бізде ерекше балаларды әлі сонау қалып кеткен әдіспен оқытатынын, осы АВА-ны білім жүйесіне енгізу керектігін түсіндіріп жаздым.

    Осы екі жазбама да мені танитын, жанашыр жандар болмаса, ешкім былқ еткен жоқ.

    Ал Бадықованың экс-күйеуінің «еркектер, күшік күйеу болмаңдар» деп өсиет айтқан «сыр-сұхбаты» туралы жазайыншы, ойбооой, бәрі шулайды, бәріне қызық.

    Билікке ренжиміз. Өзіміз де жетісіп тұрған жоқпыз, мойындайықшы. Бізге біреудің өмірі, өсек-төсек қызығырақ», — деп жазды ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →