Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды •

    «Өз-өзіммен тілдестім»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиінің есімін жариялады

    «Өз-өзіммен тілдестім»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиінің есімін жариялады
    Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

    Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиіне қандай есім қойғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    “Рәбия Сұлтан. Өткен күзде Түркістанға арнайы сапармен бардым. Жоқ, іссапар емес, рухани еді. Ата-баба әруағына құран бағыштау ниетім болды. Жол түсіп, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесінде болдым. Болашаққа пәлендей анық жоспар жоқ еді. Өз-өзіммен тілдесіп: Мен кіммін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Қайтсем, көпке қызмет етіп, ұрпаққа пайда бере аламын?… деген сұрақтар мазалады. Тарихта есімі таңбаланып, даналығы ұрпағына мәңгі сабақ болып тұрған ұлы адамның кесенесінен кете алмай айналшықтап жүріп алдым.
    Араға айлар салып, қызды болатынымды білгенімде, есімі өзге болуы мүмкін емес екенін білдім”, – деп жазды актриса.

    Кино жұлдызы қызының қырқынан шығару рәсімін де жасағанын көрсетті.

    “Рәбия Сұлтанды қырық күнге толтырып, салт пен дәстүрге сай, бар ырымын жасап, қырқынан шығарып алдық. Шүкір! Еркін, батыл, батыр, қайсар қыз болып өссе деген аналық тілегім бар. Маңдайына жазылған тағдырын саналы өрнектеп, рухы мықты аналарымыздың ұрпағы екенін біліп жүрсе деймін. Періштеге жаудырып жатқан жылы тілектеріңіз қабыл болғай. Әр аңсаған отбасына сәби иісін мен де тіледім”, – деп жазды кино жұлдызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →