Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты •

    Степногорскте екі бүлдіршін үстіне бір қазан қайнап тұрған сорпаны төгіп алған

    Степногорскте екі бүлдіршін үстіне бір қазан қайнап тұрған сорпаны төгіп алған
    Фото: видеодан скриншот

    Ақмола облысының Степногорск қаласында екі кішкентай бала абайсызда үстіне қайнаған сорпа төгіп алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Оқиға салдарынан жарақат алған бүлдіршіндер алдымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

    2000 және 2023 жылы туған балалардың денесін күйік шалған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмектен кейін олардың жағдайын тұрақтандырды. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен балалар шұғыл түрде Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

    Қалалық полиция бөлімі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.

    «Степногорск қаласында кәмелетке толмаған екі баланың термиялық күйік алғаны тіркелді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген полицияның хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →