Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды •

    Атыраудағы алаяқтық: зейнетақы қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырғандарды ұстау басталды

    Атыраудағы алаяқтық: зейнетақы қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырғандарды ұстау басталды

    Атырауға еліміздің түрлі аймағынан астаналық департамент өкілдері бастаған Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) қызметкерлері келді, деп хабарлайды агенттігі Qazaq.today «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

    Басылымның ақпарат көзінің мәліметінше жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы зейнетақы жинағын қолма-қол ақшаға айналдырғандар тергеуге іліккен.

    «Қаладағы түрлі ауданда тінту жүргізілген. Тінту барысында күдіктілерден ірі көлемдегі қолма-қол ақша, автокөліктер және басқа да құнды заттар тәркіленген», — деп жазды портал.

    Қазіргі уақытта 10 шақты адам ұсталған, алайда тергеу барысында қатысушылар саны 50 және одан да көп болуы мүмкін. Тергеу жалған емханалардың басшыларын ғана емес, делдалдар, есепшілер, агенттер мен кеңсе қызметкерлерін де қамтиды.

    Естеріңізге салсақ, бұған дейін Отбасы банк азаматтардың 222 миллиард теңгеден астам теңге зейнетақы қаражаты 20 емханаға аударылғанын, олардың жартысы Атырауда орналасқанын хабарлады. 2025 жылы бір емхана қазақстандықтарға стоматологиялық қызмет көрсетіп, 22,9 млрд теңге қаражатты игерсе, тағы екі емхана 32 млрд теңге зейнетақы қаражатын пайдаланған. Ал Құлсарыдағы бір емхана 7,6 млрд теңге қаражатпен «шектелген».

    Фото: Azattyq Ruhy

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →