Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына үндеу жасады Алматыдағы «Байсат» базары 24,8 млрд теңгеге сатылды Мемлекет басшысы кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты Астанада кофейня маңында адамдар легі: полиция тексеру жүргізді 2026 жылы білім гранттарының иегерлері анықталды: талапкерлердің қуанышты сәттері Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына үндеу жасады Алматыдағы «Байсат» базары 24,8 млрд теңгеге сатылды Мемлекет басшысы кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты Астанада кофейня маңында адамдар легі: полиция тексеру жүргізді 2026 жылы білім гранттарының иегерлері анықталды: талапкерлердің қуанышты сәттері Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды

    Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы лауазымды тұлғалар 250 млн теңге жымқырған

    Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы лауазымды тұлғалар 250 млн теңге жымқырған

    Маңғыстау облысында мұнай саласында миллиондап қаржы жымқырған үш адам сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

    Өткен жылы облыс прокуратурасы мұнай-газ кәсіпорындарында тексеру жүргізген. Оның нәтижесі бойынша «Oil Transport Corporation» ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде заң бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    «Тергеу аясында 3 адам ұсталды, оның ішінде кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар. Сот барлық тұлғаны кінәлі деп танып, әртүрлі жаза кесті», — деп жазылған хабарламада.

    Атап айтқанда, кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

    «Мердігер компанияның екі өкілі әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды», — дейді прокуратура.

    Қылмыстық істі қарау барысында сотталғандар 250 млн теңге көлемінде шығынды өтеген. Үкім заңды күшіне енді.

    Фото: zhaikpress

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →