Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты •

    Президент: Екінші, үшінші АЭС құрылысын жоспарлауды қазір бастау керек

    Президент: Екінші, үшінші АЭС құрылысын жоспарлауды қазір бастау керек

    Фото: Petrocouncil

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлау керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    — Қазір біз қуат көздерін жан-жақты жаңғыртып жатырмыз. Шетел инвесторларының қатысуымен ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Мысалы, алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланған. Бұл қадам еліміздегі жасыл энергияның үлесін едәуір арттырады. Бірақ, Қазақстанның түпкі мақсаты — қуат көздерін өзгерту емес. Бұл — ең алдымен еліміздің энергия жүйесінің нақты мүмкіндігі мен мемлекетіміздің ұзақмерзімді мүдделеріне негізделген тұрақты даму жолы, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

    Мемлекет басшысының айтуынша, ядролық энергетиканы дамытуға бет бұруымыздың мән-маңызы айрықша.

    — Бір ай бұрын Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына қатысты жоба «Росатоммен» бірге жүзеге асырыла бастады. Бірақ экономиканы тұрақты дамыту үшін бұл жеткіліксіз. Екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлай беруіміз керек. Жақында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесуде елдеріміздің атом саласындағы стратегиялық серіктестігі туралы уағдаластыққа қол жеткіздік, — деп нақтылады Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →