Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті •

    «Тіпті бір рудан»: Әли Оқапов жары мен «Қайраттың» жаңа жұлдызы Темірлан Анарбеков туыс екенін айтты

    «Тіпті бір рудан»: Әли Оқапов жары мен «Қайраттың» жаңа жұлдызы Темірлан Анарбеков туыс екенін айтты

    Коллаж: sn.kz

    2025 жылдың 27 тамызында қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов пен «Илигай» тобының солисті, жұбайы Ақерке Бүркітбай бейнежазба түсіріп, елдің жаңа жұлдызына айналған «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    34 жастағы Әлидің айтуынша, матчтан кейін үйіне келгенде Ақеркесінің ерекше қуанып отырғанын байқаған. Себебін сұрағанда, ол қысқа ғана: «Атырау, шеркеш» деп жауап беріпті.

    «Кешегі «Қайраттың» қаһарманы, қақпашы Темірлан Анарбеков – Еркенің жерлесі екен. Тіпті бір рудан болып шықты», – деді әнші бейнежазбада.

    Ал 32 жастағы Ақерке болса, жұбайымен бірге Темірланға қолдау білдіріп, ақ тілегін арнады:

    «Кім болса да, қай рудан болса да, сондай бір ерекше мақтаныш сезімі оянады. Оның ата-анасының жүрегінде қазір қандай шаттық барын елестету қиын. Бүкіл қазақстандықтар қуанып, мақтанып отыр. Оған сәттілік серік болып, еңбегі лайықты бағалана берсін», – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →