Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 454,0 527,8 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жазира Байырбекова қыз баланың қадірі туралы пікірін білдірді Тележүргізуші Анна Данченко анасының қазасынан кейін сынға жауап берді Сатпаевсыз «Бернли» Чемпионшипте қатарынан алтыншы матчта жеңе алмады Психолог: демалысты үнемі күту күнделікті өмірге қанағаттанбау белгісі Өнер иесі Ағайша Исағұлова өмірден озды Қазақстанда көліктен қатты музыка мен былапыт сөз айтылса, қамауға алынуы мүмкін Жазира Байырбекова қыз баланың қадірі туралы пікірін білдірді Тележүргізуші Анна Данченко анасының қазасынан кейін сынға жауап берді Сатпаевсыз «Бернли» Чемпионшипте қатарынан алтыншы матчта жеңе алмады Психолог: демалысты үнемі күту күнделікті өмірге қанағаттанбау белгісі Өнер иесі Ағайша Исағұлова өмірден озды Қазақстанда көліктен қатты музыка мен былапыт сөз айтылса, қамауға алынуы мүмкін

    «Төрт баланы тудырған әкесінен сұра»: Блогер Ырысбала өзін айыптаған жалғызбасты анаға шүйлікті

    «Төрт баланы тудырған әкесінен сұра»: Блогер Ырысбала өзін айыптаған жалғызбасты анаға шүйлікті

    Фотоколлаж: Sn.kz

    Блогер Ырысбала Икрамбай 13,5 млн теңгені бермей қойды деген жалғызбасты анаға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Гүлім Болатжанның айтуынша, халықтың қолдауымен жиналған 13,5 миллион теңге оған жетпей қалған. Себебі қайырымдылық қорын басқаратын Ырысбала Икрамбаева: «Сіз билікке қарсы екенсіз ғой» деп қаражатты беруден бас тартқан.

    Ырысбала Икрамбай болса, қайыр сұрауды кәсіп етіп алған деп жалғызбасты ананың өзіне айып тақты.

    «Мына әйелді танитындар бар ма? Гүлім Болатжан деген осы. Әлемдегі жалғыз періште, жылдар бойы мені қаралап жүр. Осы қатынға ғана Ырысбала үй бермейді екен, Асар-Уме тұруға жарамсыз үй береді екен. Төрт баланы қайда тастаймын дейді. 4 баласының үлкені 11-сынып бітіріп жатыр екен! Көмек қажет деп халыққа алақан жайып жүргеніне 11 жыл бітеді. Бұл қатынның мұқтаждығы қашан аяқталады? Қол жаюды намыс емес, кәсіп қылып алған бұл әйел», — деді ашуға булыққан блогер.

    Сонымен қатар, Гүлім Болатжанның қарғыс сөздер жазған скринін бөлісті.

    «Бірінші кәсібі халыққа алақан жаю, екіншісі телеарналарды жағалап, шақырып — бәлеқорлану. Бұл әйел атына қор ашсын, бәріміз асырайық. Төрт баланы туғызған әкесінен сұрасын. Сіздер ойлағандай жуас әйел емес, бәленің барлығын біледі. Өзіне қарсы шыққандарды қорғаудан бірінші орын», — деп мәлімдеді Ырысбала Икрамбай.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →