Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған

    Киллер жалдап, күйеуін өлтірмек болған: БҚО-дағы атышулы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

    Киллер жалдап, күйеуін өлтірмек болған: БҚО-дағы атышулы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
    Фото: Арайлым Усербаева/mgorod.kz

    Батыс Қазақстан облысында тапсырыспен кісі өлтіру ісі бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы Qazaq.today агенттігі ZhaiyqMedia  басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Тергеу деректеріне қарағанда, айыпталушы әйел пайдакүнемдік мақсатта күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған. Ол ер адамды 2 миллион теңгеге өлтіруі тиіс болған.

    «Прокурор Дина Ізтілеуова сот жарыссөзі кезінде айыпталушылардың кінәсі дәлелденгенін атап өтіп, әйелге 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын, ал киллер болған ер адамға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады», – делінген басылым хабарламасында.

    Аталған істі қазылар алқасының екінші құрамы қарауда. Бұған дейін прокурор Доспол Жұбановтың өтінішімен алғашқы құрам таратылған болатын. Ал айыпталушылар мен олардың қорғаушылары тағылған айыптармен толық келіспейтінін айтып, қазылардан ақтап шығуды сұрады.

    Айыпталушы Эльвира Еркебаеваның адвокаты Тамара Сарсенова мұны «толық заңсыздық» деп атады.

    Еске сала кетсек, өткен жылдың наурыз айында БҚО полициясы тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алған еді. Жәбірленушінің өміріне қауіп төнбеген. Аталған қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің бұрынғы әйелі мен оның танысы ұсталған болатын. Тергеу деректеріне сай, әйел кісі өлтіруге қажет қару-жарақ алуы үшін ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →