Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес

    Әлемдегі «ең мейірімді судья» қайтыс болды

    Әлемдегі «ең мейірімді судья» қайтыс болды

    Фото: Caught in Providence

    АҚШ-тың Род-Айленд штатында бұрынғы муниципалды судья Фрэнк Каприо 88 жасында дүниеден өтті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ол қоғам арасында «Әлемдегі ең мейірімді судья» деген атпен кең танылған.

    Судьяның ресми Facebook парақшасында Фрэнк Каприо ұйқы безі обырымен ұзаққа созылған күрестен кейін көз жұмғаны хабарланды.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде денсаулығының күрт нашарлап, ауруханаға қайта түскені жайлы бейнежазба да жариялаған еді.

    Фрэнк Каприо қызмет еткен жылдары өзге әріптестерінен ерекше жанашырлығымен танылды.

    Ол сот залын тек заңды орындататын емес, сонымен бірге адамдарға түсіністікпен қарайтын жерге айналдыруға тырысқан.

    Айыппұлдарды жеңілдетіп, кейде кешірім жасай отырып, сот төрелігін мейірімділікпен ұштастырғаны үшін жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді.

    Сонымен қатар, ол өз танымалдығын сот жүйесіндегі теңсіздік мәселелерін көтеру үшін де пайдаланған.

    Марқұмның отбасы әлеуметтік желідегі жазбасында Фрэнк Каприоны «адал жар, әке, ата, арғы ата және нағыз дос» деп сипаттады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →