Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жылыту маусымына дайындық әлі бітпеген: Бектенов бірқатар өңірдің әкіміне нақты тапсырма берді Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге дейін құнын жоғалтты Зардап шеккендер бар: Атырауда автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болды «Ерікті бол — қан тапсыр!»: Жаңа адамдар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай акция бастады Петропавл тұрғындары батпақ кешіп жүр: халық көшенің жағдайына шағымданды «Қолсыз өмір»: Димаш Құдайберген кітап оқу марафонына қатыспақ (ВИДЕО) Жылыту маусымына дайындық әлі бітпеген: Бектенов бірқатар өңірдің әкіміне нақты тапсырма берді Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге дейін құнын жоғалтты Зардап шеккендер бар: Атырауда автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болды «Ерікті бол — қан тапсыр!»: Жаңа адамдар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай акция бастады Петропавл тұрғындары батпақ кешіп жүр: халық көшенің жағдайына шағымданды «Қолсыз өмір»: Димаш Құдайберген кітап оқу марафонына қатыспақ (ВИДЕО)

    Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелханов дүниеден өтті

    Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелханов дүниеден өтті

    Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелханов өмірден озды.

    Ведомство қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, профессор Ағымсалы Дүзелханұлының мезгілсіз қазасына байланысты отбасы мен жақындарына, туған халқына көңіл айтты.

    – Ағымсалы Дүзелханұлы – бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен танылған бірегей суретші. Оның туындылары халқымыздың рухы мен замана тынысын айшықтап, ұлттық өнеріміздің көкжиегін кеңейте түсті. Сондай-ақ ол жас суретшілердің кәсіби қалыптасуына үлкен үлес қосып, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз еңбек сіңірді. Өмірден өтсе де, оның мол мұрасы мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы жолдас болсын, – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →