Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі •

    «Мені кешіріңіздер – маған Мәскеуге оралу қажет»: Ресей премьері Қырғызстаннан ерте кетіп қалды

    «Мені кешіріңіздер – маған Мәскеуге оралу қажет»: Ресей премьері Қырғызстаннан ерте кетіп қалды
    Михаил Мишустин. Фото: premier.gov.ru

    Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысынан мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл шешімін ол АҚШ пен Ресей саммитіне байланысты түсіндірді, деп жазады РИА Новости.

    «Мені кешіріңіздер – маған Мәскеуге оралу қажет. Бүгін Аляскада Ресей мен АҚШ президенттерінің саммиті өтеді. Владимир Владимирович Путин мен Дональд Трамп қатысатын бұл кездесуде Ресейде болуым керек», – деді Мишустин.

    Аляскадағы бұл саммит – Ресейдің Украинаға толыққанды басып кіруінен кейінгі екі ел басшылары арасындағы алғашқы кездесу. Ол Анкоридж қаласындағы АҚШ ӘӘК Элмендорф-Ричардсон әскери базасында өтеді.

    Сонымен қатар, Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Чолпон-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тар форматтағы отырысына қатысты. Жиынға Беларусь премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасы – президент әкімшілігінің жетекшісі Адылбек Қасымалиев және Армения вице-премьері Мгер Григорян да қатысқан.

    Кеңес барысында биыл 31 қаңтарда Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды. Сондай-ақ, кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, заманауи технологияларды пайдалана отырып ақпарат алмасуды жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →