Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Ризабек Айтмұхан екінші рет әлем чемпионы атануға бара жатыр

    Ризабек Айтмұхан екінші рет әлем чемпионы атануға бара жатыр

    Фото: olympic.kz

    13-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Биылғы бозкілем бәсекесіне еркін күрестен ұлттық құрама сапында мына спортшылар барады. Мадияр Құрамысов бастаған бапкерлер қосыны бекіткен тізім:

    Әділет Әлмұхамедов (57 кг)

    Асылжан Есенгелді (61 кг)

    Начын Куулар (65 кг)

    Нұрқожа Қайпанов (70 кг)

    Әлібек Әбілқасым (74 кг)

    Болат Сақаев (79 кг)

    Азамат Дәулетбеков (86 кг)

    Камил Куруглиев (92 кг)

    Ризабек Айтмұхан (97 кг)

    Әлішер Ерғали (125 кг)

    Қазір еркін күрес шеберлері Грузияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Дайындықтың екінші кезеңі елімізде өтеді.

    Айта кетейік, 2023 жылы Ризабек Айтмұқан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы болған. Биыл сол атағын қорғауға болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →